ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 13,8 МЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 13,8 МЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

ІІМ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізіп тұрады.

Таяуда республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, аң аулау, сондай-ақ аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шаралар нәтижелері бойынша 2,3 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Осы бұзушылық фактілері бойынша 165 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. 2119 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43,4 млн.теңгеге айыппұл салынды.
Құқық бұзушылардан 160 текше метрден астам заңсыз дайындалған домалақ ағаш, 11,3 тонна балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 248 құқық бұзу құралы, 3 мың метрге жуық ау, 67 бірлік аңшылық атыс қаруы алынды.
 Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген зиян сомасы 5,3 млн.теңгеден асады.
Мысалы, Қызылорда облысының ІІД-сі Қызыл кітапқа енгізілген 5 қарақұйрықты атқаны үшін үш жергілікті тұрғындарды ұстады, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігімен (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысының ІІД БАӘ-нің төрт азаматтарын, олар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынымен бірге Қызыл кітапқа енгізілген 2 дуадақ және 2 бұлдырық құстарын атқандары үшін ұстады.
Анықтама ретінде: Жыл басынан бері полиция 13,8 мыңға жуық (2016 жылы - 14 мың) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтады, 1800  жуық (1950) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді, 12 мыңдай (12,1 мың) құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, 87,5 млн.теңге (81,2 млн. теңге) айыппұл салынды.  
Құқық бұзушылардан 200 тоннаға жуық (301,1 тонна) заңсыз ауланған балық, оның ішінде 7 тонна бекіре тұқымдас балық, 1100 текше метрден астам заңсыз дайындалған ағаш, 2679 құқық бұзу құралы (307 бірлік аңшылық атыс қару және 166 жүзу құралы) алынды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі