Алматыда қылмыс деңгейі 5,4% азайды

Алматыда қылмыс деңгейі  5,4%  азайды

Алматыда қылмыс деңгейі  5,4%  азайды.

Қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн форматта өткен журналистермен дәстүрлі кездесуде шаһардағы қылмыстық ахуал туралы ақпарат берді.

– Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал, ауыр және аса ауыр 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны – 3,9 есеге және қоғамдық орындарда – 3,2 есеге азайды. Сонымен қатар, жарақат алған адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 2,8%-ға өскенін атап өткен жөн. Өсуге өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер етті. Мысалы, егер қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік бірлігі жүрсе, онда локдаун кезінде бұл көрсеткіш бес есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық, – деді Қанат Таймерденов.