Түркістан облысында шетелдіктен марихуана тәркіленді

Түркістан облысында шетелдіктен марихуана тәркіленді

Түркістан облысының  полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен шетелдіктен есірткі тапты.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Жібек-жолы шекара бекетінен Өзбекстан азаматының есірткі затын алып өтпекші болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында “Ротар” атты қызметтік иттің көмегімен шетелдіктің күртешесінің қалтасына жасырылған есірткі затын тапты. Жедел уәкілдер тәркіленген өзіне тән хош иісі бар қағазға оралған есірткі затын сараптамаға жолдады. Қорытынды бойынша есірткі 3 грамнан асатын “марихуана” болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайт ҚР ҚК-нің 286-бабымен, яғни (Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.