11 қазанда Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін полиция қызметкерлерін марапаттады.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хатымен криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ғалымжан Исақов, кезекші бөлімнің бастығы Нариман Жұрқабаев, "Мінсіз қызметі үшін 15 жыл" медалімен әкімшілік практика тобының инспекторы Гүлмира Дүйсембаева, "ІІО Ардагері 25 жыл" медалімен криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Асқар Қалышбеков марапатталды.
Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан қызметкерлерді құттықтап, қоғам мен елдің игілігі үшін қызмет етулерін тіледі.