Алматы полицейлері 5 мыңнан астам есірткіге қарсы ақпараттық жадынамаларды таратты

Алматы полицейлері 5 мыңнан астам есірткіге қарсы ақпараттық жадынамаларды таратты

 

Науқанның бірінші кезеңі Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан азаматтардың жаппай болу нысандарын – “Алматы -1” вокзалының теміржол бекеті мен Алматының халықаралық әуежайын қамтыды.

– Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түрксіб аудандық ПБ-ның әріптестерімен, Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры жанындағы жастар ресурстық орталығымен және “Jas Otan” жастар партиясымен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі препараттардың таралуы туралы жасырын ақпаратты қамтитын граффити-жазбаларды анықтау мен жоюға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізді. Іс-шара аясында келесі тақырыптар бойынша 5 мыңнан астам буклеттер тұрғындар арасында таратылды, тақырыптары: “Бірге есірткіге қарсы”, “Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз”, – деді полицияда.

Түрксіб ауданының аумағында барлығы 153 есірткі сайтының мекенжайы жазылған графити-суреттер боялды.

Polisia.kz