Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді.
Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді. Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.
Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (Қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.