«Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап оқушылардың жазғы демалысының басталуы қарсаңында Ішкі істер министрлігі «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

ЖПІШ-нің басты мақсаты – балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сонымен қатар олардың көшеде және жолдарда жүру дағдыларын нығайту.

Өкінішке қарай, республикадағы әрбір алтыншы ЖКО кәмелетке толмағандардың қатысуымен болады. Жыл басынан бастап осындай апаттардан 28 бала қайтыс болып, 827-сі жарақат алды.

«Абайлаңыз – балалар!» ЖПІШ оқу жылының соңына және жазғы демалыстың басталуына арнайы жоспарланған, себебі статистикалық мәліметтерге сәйкес жазда балалардың қатысуымен болатын ЖКО көбейеді.

Іс-шара барысында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге полиция қызметкерлері жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО себептерін жою бойынша жүйелі шаралар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді насыхаттауға және балалардың жол-көлік жарақаттарының профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар жоспарланған.

«Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы апта соңына дейін болады.