ІІМ-де бейнеконференц-байланыс режимінде Ішкі істер министрінің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Криминогендік жағдайдың жақсаруының оң динамикасы атап өтілді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі 13 %-ға төмендеді.
Пайдакүнемдік және зорлық-зомбылық қылмыстарының саны айтарлықтай азайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптеген түрлерінің ашылуы жақсарды. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артты.
Тонау, бұзақылық, ұрлық, қоғамдық орындар мен көшелердегі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны үштен бірге азайды. Бұрын сотталған адамдар және мас күйінде жасалған кісі өлтіру, қарақшылық саны қысқарды.
Сонымен қатар, ІІМ басшысы отбасылық-тұрмыстық қатынастар, интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстарға, сондай-ақ жол қауіпсіздігінің жай-күйіне назар аударды.
– Ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғамдық орта құру. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ халықпен байланысты жалғастыру қажет, – деп атап өтті министр.
Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Ерлан Тұрғымбаев алдағы кезеңге полиция қызметінің екі негізгі бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша міндеттерді белгіледі.
Құқық бұзушылық профилактикасы саласында:
Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша:
– Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздік осы міндеттерді тиісінше орындаған жағдайда қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті ІІМ басшысы.
Ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде жеке құрам саны 10,5 мың бірлікке, басшы лауазымдар саны 1,5 мыңға қысқартылғанын атап өту қажет. Ашықтық және белсенді диалог қағидаттарына негізделген қоғаммен байланыстың жаңа форматтары енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі жүзеге асырылуда.
Жалпы, ІІО жаңғырту бойынша Жол картасының 127 пунктінің 90-ы іске асырылды.
ІІМ басшысы министрлік Мемлекет басшысының полиция жұмысының сервистік моделін құру, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.