Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру - басты басымдық

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру - басты басымдық

2021 жылғы 14 сәуірде Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті М. Нарықбаев атындағы ҚазМЗА-мен бірлесіп, «Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбына семинар өткізді.

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қазтұтынодағы Қарағанды университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы М. Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов, Нұр-Сұлтан қаласы ПД басығының орынбасары Рустам Шәрібаев қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында баяндалған тапсырмасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру саласында реформа жүргізілуде, атап айтқанда, қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңмен ауысу жүзеге асырылуда.

Үш буынды модель шеңберінде полиция қылмыстарды анықтайды, күдікті адамдарды әшкерелейді, дәлелдерді жинайды және бекітеді.

Прокуратура дәлелдемелерге баға береді, азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермейді, сотта айыптауды қолдайды.

Сот органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және түбегейлі үкім шығарады.

Тергеудің әр кезеңінде осындай фильтрдің орнатылуы тергеу қателерін барынша төмендетеді және жауапкершіліктің шектерін анағұрлым анық көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы пысықтау, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының құқық қолдану практикасының проблемаларын болдырмау мақсатында өткен жылы сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде прокурордың негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жоба өткізілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрлігі 2017 жылдан бастап сотқа дейінгі іс жүргізудің электрондық форматына кезең-кезеңмен ауысуды жүзеге асыруда, бүгінгі таңда осы форматта іс жүргізудегі істердің 70% осы форматта тергелуде.

Тергеудің цифрлық форматы тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері бейнежазбаға тіркелген болса да, құжаттардың міндетті түрде толтырылуын көздейді. Хаттамаларды толтыру артық және шығынды болып табылады.

Министрлік тергеудің жаңа форматы – бекітудің техникалық құралдарын қолдана отырып, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде процестік құжаттарды толтырудан бас тартуды көздейтін бейнеқылмыстық істі ұсынды.

С. Әділов атап өткендей, бейнеқылмыстық іс тергеу әрекеттерін жүргізуге және тергеуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге ықпал ететін болады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың деңгейін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, сондай-ақ құқық қорғау мен сот жүйелеріне қоғамның сенімін нығайту жүргізілетін өзгерістердің басымдылығы болып табылады.