Қазақстанның ІІМ басшысы Ресей Тергеу комитетінің төрағасымен кездесті

Қазақстанның ІІМ басшысы Ресей Тергеу комитетінің төрағасымен кездесті

13 сәуірде Мәскеу қаласында Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің кездесуі өтті.

Тараптар практикалық тергеу жұмысының ауқымды бағыттары бойынша екі ел ведомстволарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Ведомство басшылары ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау тетігін дамыту практикасына ерекше назар аударды.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте тиімділікті арттыру қажеттігіне жалпы мүдделілік білдірілді және осы саладағы қызметті жетілдіру жөніндегі нақты шаралар қаралды.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев Александр Бастрыкинді қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.

Екі ел ведомстволары басшыларының кездесуі өзара түсіністік және сындарлы диалог атмосферасында өтті.