“Рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заң жобасын қоғамдық талқылау

“Рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заң жобасын қоғамдық талқылау

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орайластырылған “Рақымшылық туралы” Заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы қылмыстық жауаптылықтан босатылуға және жазаны өтеу мерзімдерін қысқартуға жататын сотталғандардың санаттарын айқындайды.

Рақымшылық азаматтардың әлеуметтік осал топтарына және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған, келтірілген залалды өтеген адамдарға қатысты болады.

Жоба “Ашық НҚА” интернет-порталының “Құқықтық көмек” бөлімінде орналасқан (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7006325). Оны талқылау ағымдағы жылдың 5 наурызына дейін қолжетімді болады.