"Отандастар қоры" және дүниежүзі қазақтар қауымдастығының байланыс орталығы

"Отандастар қоры" және дүниежүзі қазақтар қауымдастығының байланыс орталығы

Құрметті отандастар!

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында берген тапсырмасы аясында «Отандастар қоры» КЕАҚ оралмандарды бейімдеу және әлеуметтендіру процесінде жәрдем көрсету, сондай-ақ шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту тетіктерін құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Осы бағытта үстіміздегі жылғы 19 сәуірде «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен отандастар мәселелері бойынша Бірегей Байланыс-орталығы (бұдан әрі – Орталық) іске қосылды.

Орталық интеграциялық және бейімдеу қызметтерін көрсету, құзыретті органдарға қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша, шешімдер мен отандастарға көмек көрсетуге арналған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ақпаратты жинақтауға және талдау жасауға негізгі элемент болaды. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетіп, Қазақстан азаматтығын алу, «оралман» мәртебесін алу, әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді, мемлекеттік көмекті тағайындау, сондай-ақ оралмандар мен иммигранттарды жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына қосу тәртібі және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңестер ұсынады.

«Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Байланыс орталығы:

Бірігей байланыс-орталығы техникалық іске қосылып, қызмет көрсетуде. Байланыс-ортал ығына Сізді қызықтыратын кез келген сұрақтар бойынша мына байланыс түрлерімен хабарласуға болады:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар  үшін тегін, Beeline-нан басқа)

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін)

+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалар үшін)

E-mail: komek@oq.gov.kz

Skype: komek@oq.gov.kz

Байланыс орталығының жұмыс кестесі:

Жұмыс сағаттары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-18.00

Демалыс – сенбі, жексенбі (дауыстық хабарларды қабылдау)