Азаматтардың жүзден аса ұсынысы ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы шаралардың жоспарына енді

Азаматтардың жүзден аса ұсынысы ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы шаралардың жоспарына енді

Ішкі істер саласында табысты реформа жүргізудің бір шарты –жемқорлықпен тиімді күресу. Ведомство бұл жұмыстарды азаматтық қоғаммен белсенді байланыс орната отырып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге жүргізеді. Ынтымақтастықтың басты мақсаты – ІІМ-де жемқорлықты төмендету және халықтың сенімін арттыру.

Бүгін ІІМ-гі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде ішкі істер министрлігі Жол картасы негізінде қоғамдастық және ведомстволар әзірлеген ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты Жоспары таныстырылды.

Ағымдағы жылғы 20 мамырда жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткен кеңесте Президент бірнеше нақты міндеттерді алға қойды, бұл бағыттағы жұмыстарды түбегейлі өзгертуді тапсырған болатын. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы міндеттерді іске асыруда Жоспарды қабылдаудың өзектілігін атап өтті.

Жоспар бойынша полиция жұмысының ашықтығын одан әрі қамтамасыз ету, ішкі істер органдарындағы жемқорлық тәуекелдерін төмендету, тұрғындармен байланыс жасау үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ азаматтармен тікелей емес байланыс тәсіліне көшу және ішкі істер органдары қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жою.

«Жоспар жобасын талқылау барысында азаматтардан мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Олардың әрқайсы мұқият қаралды.оның арасынан 129 ұсыныс іріктеліп алынып, 28 іс-шараға топтастырылды. Дегенмен, іс-шаралар тізімінің кеңеюі әбден мүмкін, біз бұған әзірміз» – деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды.

Соңында Ерлан Тұрғымбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшыларын атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді. Агенттіктің, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы қызметкерлерінің және азаматтық қозғалыс өкілдерінің қолдау көрсеткендерін атап өтті.

«Біз министрлік және барлық қоғам үшін аса елеулі проблеманы шешуге маңызды қадам жасадық. Келесі қадам – бұл Жоспарды сапалы іске асыру. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ІІМ-нің алқа мәжілісінде атап өтілгендей, бұл жұмыс қоғам мен БАҚ үшін ашық болады» – деп айтты Ерлан Тұрғымбаев. 

Алға қойылған мақсатты ресми бекіту үшін екі ведомствоның басшылары және азаматтық қоғам өкілдері Ішкі істер органдарының 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарына қол қойды. 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі