Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды


21 қаңтарда "Қарағанды-Балқаш" автожолында Shacman автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Қарағанды бағытында жүріп, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 35 жастағы полиция қызметкерінің басқаруында болған ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Жол – көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі 35 жастағы полиция қызметкері түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап қызметте, үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.