Алматы полициясы патрульдік қызметкердің бір күнін көрсетті

Алматы полициясы патрульдік қызметкердің бір күнін көрсетті

 

Алматы полициясы патрульдік қызметкердің бір күнін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Назарда – патрульдік полиция Полкінің инспекторы Данияр Қабдолин. “Буран” патрульдік экипажының құрамында ол тәулік уақытына, ауа райы жағдайына және жылдың уақытына қарамастан азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайды.

– Біздің жұмыс күніміз таңғы 6-да басталады. Тұрамыз да көлік шаруашылығына қарай барамыз. Біз бекітілген патрульдік көліктерді аламыз. Содан кейін біз өзіміздің аудандық полиция бөлімшесіне барып, қару-жарақ, бейнетіркеуіштерді аламыз. Нұсқаулықтан өтеміз: бізге қандай шаралар болатынын, ауданның қандай бөліктерін ерекше бақылауға алу керектігін түсіндіреді. Сосын әдеттегідей қоғамдық тәртіпті сақтауға шығамыз, – деді Қабдолин.

Данияр – бойдақ, ауысымнан кейін оны үйінде ата-анасы күтіп отырады, олар қатты уайымдайды, сонымен қатар, ұлдарын мақтан тұтады. Олар оны мамандық таңдауда қолдады.

– Мектептен бастап маған бұл мамандық ұнайтын. Мен ол туралы армандадым. Әрқашан қоғамдық тәртіпті қорғауды, сақтауды ұнататынмын. Мен әрқашан осындай іс-шараларға қатысатынмын. Әскерден кейін, бірден Алматыға келіп, ішкі істер органдарына жүгіндім. Мен құжаттардың тізімін жинадым, дене шынықтыру бойынша емтихандар тапсырдым, аттестаттаудан өттім және содан бері 2014 жылдан бастап полиция Департаментінде қызмет етемін, – деді патрульдік полиция қызметкері.

Бір патрульдік экипаж ауысымында кем дегенде 20 қоңырауға қызмет етеді. Бұл отбасылық жанжал, көшедегі немесе кафедегі ұрыс-керіс және ауыр қылмыстар: қарақшылық, кісі өлтіру болуы мүмкін.

Кез-келген шақыртуға тез және нақты жауап беру керек. Кейде ұрыс шығарушылармен “келіссөздер” жүргізіп, оларды тыныштандыратын кездер болады, ал егер одан нәтиже шықпаса, бұзақыны полиция Басқармасына алып келеді. Кейде құқық бұзушыларды ұстап қана қоймай, алғашқы медициналық-психологиялық көмек көрсету қажет болады.

– Түнгі ауысым қиынырақ, өйткені зорлық-зомбылық қылмыстарының көпшілігі түнде жасалады. Ауыр жұмысқа қарамастан, біз – полицейміз, бұл біздің мақсатымыз – халықты қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондықтан біз күндіз-түні қызмет етеміз, – деді Данияр Қабдолин.

Бос уақытында жас полицей спортпен белсенді айналысады және бөлім құрамасының құрамында футбол ойнайды. Данияр өзін түсінетін және оған сенім білдіретін адамды кездестіретініне сенімді.

– Алға қойған мақсаттарға жету үшін не қажет? Адал жұмыс жасау, өз кәсібіңді сүю, адамдарды құрметтеу. Күнделікті жұмыс барысында біздің жұмыстың қажеттілігі мен маңыздылығын ұмытпау, – деді Қабдолин.