ШҚО құтқарушылары демалушыларға суға батқандарға алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді

 ШҚО құтқарушылары демалушыларға суға батқандарға алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді
Мереке және демалыс күндері ШҚО ТЖД құтқарушылары Өскеменде суға шомылуға тыйым салынған рұқсат етілмеген жағажайларға барды. Кіре берісте тыйым салушы белгінің тұрғанына қарамастан, адамдарға бұл мүлдем әсерін тигізбеді. Демалыс күндері де мұнда адамдар өте көп. Құтқарушылар аталған демалыс орындарына бармауға күштей алмайтындығын түсінеді, алайда көптеген жағдайларда осы себептен «жабдықталмаған орында шомылу кезінде» судағы жазатайым оқиғалар орын алады.
Суға шомылу маусымының бірінші айы өтті, ал қазірдің өзінде статистика нашар. Жаз басталысымен ШҚО су айдындарында 11 адам суға батты, олардың ішінде 2-уі балалар. Тағы екі азаматтың денелерін сүңгуір-құтқарушылар әлі де іздестіруді жалғастыруда.
36 VKO ReiD 2 «Аймақта 2000 астам су айдындары бар, ал ресми мәліметтер бойынша облыста тек 3 рұқсат етілген жағажай анықталған, олардың екеуі Өскемен аумағында және біреуі Ұлан ауданында орналасқан. Сондай-ақ 339 демалыс орындары бар, онда негізінен демалыс базалары, лагерьлер кіреді. Жағалау сызығының бойындағы барлық басқа зоналар жабдықталмағандықтан адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіп туғызады», - дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Александр Ломыгин.
Рұқсат етілген және шомылу орындары ретінде жердегі және судағы арнайы жабдықталған зона болып табылады. Жағалауда міндетті түрде жазатайым жағдайда көмек уақытылы келе алатындай құтқарушы және медициналық бекет болуы тиіс. Бақылау мұнарасы – қажетті атрибут. Зерделеу үшін үгіттеуші ақпараты бар стенд. Судың қауіпсіз зонасы, атап айтқанда рұқсат етілген тереңдік буйкалармен қоршалады. Балалар үшін арнайы орын берілген. Судың түбі әртүрлі қоқыстан тазартылуы және зерттелінуі тиіс.
Көп жағдайда адамдар бұған көңіл аудармайды және құтқарушылардың ұсыныстары мен кеңестерін елемей, өздері қалаған орындарда шомылады. Өзіне-өзі сенімділік пен шектен тыс сенім қайғылы салдарларға әкеледі. Демалушыларға қандайда бір көмек беру үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді. «Апаттық медицина орталығы» мамандары адамға жасанды тыныс алуды қандай реттілікпен жасау керектігін, тыныс алу жолдарын қалай босату және тікелей емес жүрек массажы көмегімен адамды қалай реанимациялау керектігін азаматтарға жеткізді.
Қорыта келе, суға шомылу маусымы басталысымен ШӨАЖҚЖ құтқарушыларымен облыстың су айдындарында 7 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Жазатайым жағдайда қалған адамдардың жолы болды, олар патрульдеу кезінде құтқарушылар жедел әрекет еткен жабдықталған демалыс зоналарында шомылды.
36 VKO ReiD 3 36 VKO ReiD 4 36 VKO ReiD 5
 
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі