Түркістан облысында көшпелі брифинг өтті

 Түркістан облысында көшпелі брифинг өтті
4 шілде 2019 жылы Кентау қаласындағы «Қошқорған» су қоймасында «Шомылу маусымы бойынша» көшпелі брифинг өтті. Брифинг спикері болып ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Султанғали Иманғалиұлы Смаилов сөз сөйледі.
Брифинг барысында ТЖ департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп ата-аналар тобына WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы судағы қауіпсіздік қағидалары жолдануда екені және қалалар мен аудандарда демалыс орындарының басшыларымен келісіліп, меморандум жасалып, жағдайы төмен отбасылардың балаларын бассейіндерде тегін жүзу үйретіп, шомылулары ұйымдастырылуда екені айтылып өтті. 2019 жылдың басынан бері суға бату жазатайым оқиғалар бойынша 28 адам қаза болды, оның ішінде 18 жас бала және 10 ересек адам.
40 Turkestan Brifing 2 Сондай-ақ, Қошқорған су қоймасы жағасында шомылып жүрген бір топ балаларға төтеншеліктер мен жас еріктілер шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы жан-жақты түсіндірмелер беріп, «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында жадынамалар, ескертпе парақшалар таратты.
Көшпелі брифинг барысында жедел-құтқару жасағы қызметкерлері суда құтқару мастер-класын көрсетіп, «Апаттар медицина орталығы» қызметкерлері суға батқан кездегі алғашқы көмек көрсету жұмыстарын жүргізді, балаларға суда жүзу тәсілдерін көрсетті.
Брифинг соңында жас еріктілер мен балалар «Судағы қауіпсіздікті сақтаңыздар», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар» ұранымен халыққа жеткізді.
40 Turkestan Brifing 3 40 Turkestan Brifing 3 40 Turkestan Brifing 3
40 Turkestan Brifing 3 40 Turkestan Brifing 3 40 Turkestan Brifing 3
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы