Қүтқарушылар үшін «ыстық» науқан

 Қүтқарушылар үшін «ыстық» науқан
Су - ең жоғарғы қауіпті аймақ. Бұл туралы күн сайын демалушыларға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен құтқарушылары еске салады. Қалаға аптап ыстық күндер келді, адамдар салқын ауаны өзендер мен көлдердің жағасында іздейді, аквасаябақтарға жаппай демалуға барады. Осыған байланысты жергілікті "НарТВ" телеарнасының журналистері үшін "Акварай" аквасаябағында баспасөз туры ұйымдастырылды. 40 4imkent Press Tur 2 Кезекті іс-шараның мақсаты – адамдарды тек белгіленген жерлерде шомылудың қажеттілігін тағы да ескерту, судағы қауіпсіздік қағидаларын еске салу. Аталған іс-шараға жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да қатысты.
Аквасаябақтың нұсқаушы-құтқарушылары үшін жасақтың құтқарушылары суға батушыға көмек көрсету бойынша шебер класын көрсетті, содан кейін оны тәжірибеде пысықтады.
Аквасаябақтың әкімшілігіне демалыс аймағында демалушылардың жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, оларға жаднамалар, көрнекі орынға орналастыру үшін плакаттар табыс етілді. Әкімшіліктің айтуынша, демалыс аймағында 400-ден астам адам демалады, олардың ішінде кішкентай балалар да бар. Оларға ерекше көңіл бөлінеді.
40 4imkent Press Tur 3 40 4imkent Press Tur 4 40 4imkent Press Tur 3
40 4imkent Press Tur 3 40 4imkent Press Tur 4 40 4imkent Press Tur 3
 
Шымкент қаласы ТЖД Ішкі және
сыртқы коммуникациялар тобы