2019 жылғы 25-28 маусым күндері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» құтқарушыларының жедел даярлығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру, кәсіби дайындығы және авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарын пайдалану дағдыларына тексеру жүргізді.
Комиссия құрамында, комиссия төрағасы – Азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы подполковник Ә.Қуандықов, комиссия төрағасының орынбасары - Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға лейтенанты Ж.Жүгінісов, комиссия мүшелері – капитан А.Тоғызбаев, капитан Г.Қызылқожаев және Қазалы ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Қалиев жедел құтқару жасағы құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстарына әзірлік деңгейін анықтау үшін сынақ қабылдады.
Құтқарушылар биік объектілерде құтқару жұмыстарын жүргізу, химиялық апатты объектілерде жұмыс жүргізу, суда құтқару жұмыстары, авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып автокөліктен және қиранды үйінділер астынан зардап шегушіні құтқару жұмыстары бойынша дайындықтарын көрсетті.
Екінші күні құтқарушылардан дене шынықтыру дайындықтары бойынша сынақ қабылданды. Жасақ құтқарушылары дене шынықтыру дайындығын жақсы көрсеткіштермен тапсырып шықты.
Қызылорда облысы ТЖД