Петропавлда полицейлерлер дронның көмегімен бірнеше жол ережесін бұзушыларға тосқауыл қойды

Петропавлда полицейлерлер дронның көмегімен бірнеше жол ережесін бұзушыларға тосқауыл қойды

     Петропавлда полицейлер бір күнде жол қозғалысы ережелерінің бірнеше бұзылуын тіркеді.

     Петропавлдың шеткі аудандарының тұрғындары жүргізушілер тәртібінің төмендігіне жиі шағымданады. Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтер өткізеді. Қаланың шығыс бөлігіндегі Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кентінде өткен кезекті рейд барысында дрон қолданылды.

     Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізуші куәлігі жоқ, Hammer мотоциклімен жүрген 17 жастағы екі жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға тізгінді бергені және ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік толтырылды.

     Сондай-ақ тәртіп сақшылары Суворов көшесінде скутер тізгіндеген 33 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Ер адам масаң күйде болған әрі көлік басқару құқығы болмаған. Оның айтуынша, скутер көршісіне тиесілі болған. Ол көлікті жөндеп, жұмыстың нәтижесін тексеру үшін тізгінге отырған.

     Ал Лазутин көшесінде полицейлер үш дөңгелекті көлікпен жүрген 58 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Әйел де масаң күйде болған және көлік басқару құқығы болмаған. Екі құқық бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, ал әйелге айыппұл салынды.

     Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға және ешқашан масаң күйде көлік тізгініне отырмауға шақырады. Масаң күйде көлік жүргізу ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырады.

     Полицейлер "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жол қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.