Ұрлық жасап, жол үстінде ұсталды: ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Ұрлық жасап, жол үстінде ұсталды: ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

     Ұлан ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер әртүрлі тұрғындарға тиесілі екі бас ұсақ мал ұрлығын ашты. Келтірілген жалпы шығын көлемі 240 мың теңгені құрады.

     Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер материалдық пайда табуды көздеп, ұрлық жасауға келіскен.

     "Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Ұлан ауданы жағынан келе жатқан автокөлікті тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды.

     Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі процестік бұлтартпау шарасы қолданылды.

     Полиция мал ұрлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мал иелеріне жануарлар мен оларды ұстау орындарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету қажет.