
Түркістан облысында 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек заңсыз төгілген жерден шығарылды.
Түркістан облысында халықаралық автожол бойына 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек тастаған азамат анықталды.
Құқық бұзушылық Сайрам ауданындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автожолы бойында тіркелген. Тексеру барысында азаматтың шиномонтаж орталығының аумағына жүк көліктерінің жарамсыз дөңгелектерін жинап, заңсыз төккені анықталды.
Аталған құқық бұзушылық полиция қызметкерінің бейнежетонына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары заң бұзған азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданды.
Кейін жиналған 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек арнайы жүк көлігімен белгіленген қоқыс полигонына жеткізіліп, тиісті орынға төгілді.
Полиция қызметкерлері кәсіпкерлер мен тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады. Қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп, аумақтың санитарлық жағдайын нашарлатады.