Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр

Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр

     Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр.

     Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров жеке құрам атынан Жапонияда 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданованы құттықтады.

     75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда спортшы Өзбекстан өкілі Азиза Зокированы 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, құрлықтағы үздік боксшылардың қатарына қосылды.

     Салтанатты жағдайда Натальяға естелік құттықтау хат пен гүл табысталды.

     Оның ішкі істер органдарының имиджін нығайтуға және спортты дәріптеуге қосқан үлесі атап өтілді.

     Полиция қызметкері Наталья Богданова 2025 жылдан бері әлемдік деңгейдегі спорттық мансабын СҚО ПД арнайы жедел әрекет ету жасағындағы қызметімен қатар алып келеді.