
Түркістан облысы полиция департаменті жедел-криминалистика басқармасының қызметкерлері құқықтану бағытын таңдаған студент жастармен кездесу өткізді.
Жастардың криминалистика саласына деген ықыласын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруды мақсат еткен бұл шараға студенттер асқан қызығушылықпен қатысты.
Полицейлер шара барысында студенттерге полиция органдарының криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ қылмыстарды ашу мен тергеу кезінде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтарды таныстырды.
Кездесу аясында жылжымалы криминалистикалық зертхананың жұмысы көрсетіліп, оның техникалық мүмкіндіктері мен оқиға орнында жедел криминалистикалық іс-шараларды жүргізудегі маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар зертханадағы арнайы құрал-саймандардың көмегімен іздерді анықтау, бекіту, алу және зерттеу тәртібі көрсетілді.
Бұл көрсетілген іс –әркеттердің барлығы жастардың полиция мамандығына деген құлшынысын арттырып, алға жетелей түсті.