Түркістан облысында жас сақшылар полицейлердің қызметімен танысты

Түркістан облысында жас сақшылар полицейлердің қызметімен танысты

     Жетісай аудандық полиция бөліміне М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының "Жас сақшы" сыныбының оқушылары арнайы барып, тәртіп сақшыларының күнделікті қызметімен танысты.

     Танымдық кездесуде жас сақшылар полиция қызметінің ерекшеліктері, тәртіп сақшыларына қойылатын талаптар және құқық қорғау саласындағы мамандықтар жөнінде сұрақтарын қойды.

     Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Сержан Ассаурбекұлы оқушыларды полицияның күнделікті жұмысы туралы жан-жақты ақпараттандырып, олардың қызығушылық танытқан сауалдарына жауап берді.

     Сондай-ақ жас сақшылар жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды көрді.

     Іс-шара барысында оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысын сырттай бақылап қана қоймай, мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын түсінді.

     Мұндай кездесулер – полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.

     Басты мақсат – жас ұрпақтың полиция қызметіне қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.