Павлодарда "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Павлодарда "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

     5 қазаннан 5 қарашаға дейін Павлодар облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз үй" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

     Іс-шара аясында Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Учаскелік инспекторлар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп, жедел қызығушылық тудыратын мекенжайларды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарды тексерді.

     Рейд барысында полиция қызметкерлері белгіленген шектеулердің сақталуын тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізіп, азаматтарға заңнама талаптарын түсіндіруде.

– Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу. Тексеру барысында белгіленген шектеулердің сақталуына назар аударып, профилактикалық әңгімелер жүргіземіз және қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдаймыз, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Асхат Абенов.