ШҚО-да асфальтқа әдепсіз граффити салған жас жігіт жаза арқалады

ШҚО-да асфальтқа әдепсіз граффити салған жас жігіт жаза арқалады

     Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында жас жігіт асфальт жабынына граффити салмақ болған. Алайда оның бұл әрекеті көп ұзамай полиция назарына ілікті.

     Құқық бұзушылықты Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, оның 19 жастағы жас жігіт екені белгілі болды.

     Сотта анықталғандай, ол қара түсті аэрозоль бояумен әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салып, қоғамдық орынның көркін бұзған. Жас жігіт сотта өз кінәсін мойындап, болған жағдайға өкінетінін білдірді. Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл тағайындалды.

     Полиция қоғамдық орындардың көркін қасақана бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.