Абай облысында қоқыс тастаған 27 жастағы азамат өз қатесін түзетті

Абай облысында қоқыс тастаған 27 жастағы азамат өз қатесін түзетті

     Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысында полицейлер құрылыс жұмыстарынан кейін қоқыс қалдықтарының ретсіз шашылып жатқанын көрсететін бейнежазбаны анықтады.

     Полиция қызметкерлері ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, қоқысты белгіленбеген жерге тастаған 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.

     Полицейлер азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Тұрғын өз әрекетінің салдарын түсініп, шашылған қоқысты өзі жинап, аумақты толық тазалады.

     Полиция азаматтарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға және елді мекендердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

     Тазалық — ортақ міндет. Ол әр адамның өзінен басталады.