
Ішкі істер министрлігінде "Үздік жедел уәкіл" республикалық байқауы қорытындыланды.
Жеделдік, кәсібилік, дәлдік пен төзімділік. Бұл - қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген жедел уәкілге қойылатын басты талаптар. Ішкі істер министрлігінің "Үздік жедел уәкіл" байқауында елдің әр өңірінен келген тәртіп сақшылары кәсіби шеберліктерін сынға салды.
Байқаудың алғашқы кезеңі заңнаманы білу деңгейін анықтайтын тестілеу болды. Жедел қызметкер күнделікті жұмысында заң талаптарын жетік біліп, кез келген жағдайда дұрыс әрі жедел шешім қабылдай білуі тиіс. Сондықтан қатысушылардың теориялық дайындығына ерекше мән берілді.
Келесі сын атыс даярлығы болды. Мұнда жедел уәкілдердің табельдік қаруды меңгеру шеберлігі, нысанаға дәлдігі мен тапсырманы белгіленген тәртіпте орындауы сыналды.
Ал физикалық дайындық кезеңінде қатысушылар күш-жігері мен шымырлығын көрсетті. Себебі жедел қызмет тек терең білім мен кәсіби тәжірибені ғана емес, жоғары дене дайындығын да талап етеді.
Сыннан сүрінбей өткен үздіктер байқау қорытындысында анықталды.
"Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының үздік жедел уәкілі" номинациясында:
Аумақтық полиция департаменттері арасындағы үздік жедел уәкіл аталымында:
"Үздік бөлініс" номинациясында:
Кәсіби байқаудың басты мақсаты мықтыны анықтаумен ғана шектелмейді. Бұл – тәжірибе алмасып, жедел қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіретін алаң.