Қала күні: Алматыда мерекелік іс-шаралар кезінде полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті

Қала күні: Алматыда мерекелік іс-шаралар кезінде полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті

     Алматыда өткен демалыс күндері қала күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті. Қаланың түрлі алаңдарында мәдени-көпшілік, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған қала тұрғындары мен қонақтары көптеп қатысты.

     Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адам көп жиналатын орындарда полиция қызметкерлері тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті.

     Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мерекелік іс-шаралар өтетін аумақтарда тұрғындардың кедергісіз жүріп-тұруына ерекше назар аударды.

     Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, полиция қызметкерлері алдын ала патрульдік нарядтарды орналастыру орындары мен маршруттарын белгіледі. Көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде және адам көп жиналған орындарда бақылау күшейтілді.

     Барлық жұмылдырылған полиция бөлімшесінің үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар штаттық режимде өтіп, қоғамдық жағдай тұрақты болды.

     Полиция қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарағаны және сақтық танытқаны үшін алғыс білдіреді.