Қостанай облысында 100-ден астам азаматтың проблемалық сұрақтарына жауап берілді

Қостанай облысында 100-ден астам азаматтың проблемалық сұрақтарына жауап берілді

 

Қостанай облысында бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында 100-ден астам азамат проблемалық сұрақтарына жауап алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қостанай облысының ПД аумақтық бөлімшелерінің басшылығына түрлі мәселелер бойынша 100-ден астам азамат жүгінді. Сұрақтардың басым көпшілігі қылмыстық істерді тергеу және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты болды.

Қостанай облысының ПД бастығы Бекет Аймағамбетов “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

Құқықтық тәртіп азаматтардың осы мәселелерге қатысуына тікелей байланысты және полиция жұмысының форматын өзгертеді.

Мысалы, Қарабалық аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Ахметовке аудан тұрғыны Сергей Дядик жүгініп, биылғы жылдың шілде айында оның үйінен ұялы телефон ұрланғанын айтты. Қараша айында полиция ұрланған затты қайтарған.

– Мен полицияға ұрлық туралы арыз жаздым. Полицейлер менің телефонымды Қостанай қаласының тұрғындарынан ұрланған заттардың базасына енгізілген код арқылы тапқандарын айтты, – деді С.Дядик.

Ғанижамал Отобраева Денисов ауданының полициясына жүгінген. Полицейлер биылғы жылдың қазан айында табыннан жоғалып кеткен жылқыны тауып, ауыл тұрғынына табыстаған.

Қостанай облысының ПД бастығына түрлі мәселелер бойынша онлайн қабылдауға 20 адам жазылған. Қабылдау барысында жол-көлік оқиғаларын, алаяқтықты және басқа да қылмыстық істерді тергеуге қатысты сұрақтар талқыланды.

Мысалы, адвокат Сәмет Саламатов екі әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасын тергеу барысына шағымданды. Ол тергеу әрекеттері толық көлемде жүргізілген жоқ деп санайды.

Ал облыс тұрғыны Күлтай Демисенова алаяқтардың құрбанына айналғанын айтты.

– Барлық істер бақылауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қылмыстық істердің жартысынан астамы электрондық форматта тергелуде, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Бекет Аймағамбетов.