Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды

Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды

     Қордай ауданы полиция қызметкерлері жүргізген “Мотокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

     Қалған 12 мотокөлік тіркеуде тұрғанымен, олардың пайдаланылу тәртібінде заң бұзушылықтар болған.

     Аталған мотокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

     Жалпы облыс аумағында іс-шара басталғалы бері мототранспортты пайдалану тәртібін бұзуға қатысты 200-ден астам дерек анықталған.

     Полиция азаматтарға электрлі үш дөңгелекті көліктер де заңнама талаптарына сәйкес тіркелуге тиіс екенін еске салады. Тіркеусіз көлік құралын пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.