
Талдықорғанда полиция қызметкерлері “Жетісу” және “Ертіс” футбол командалары арасында өткен матч барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Спорттық іс-шара басталар алдында полицейлер профилактикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін өткізді. Негізгі назар жанкүйерлер мен матч қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алуға аударылды.
Матчты тамашалауға 500-ге жуық жанкүйер жиналды.
Ойын барысында полиция қызметкерлері іс-шара өтетін аумақта және оған іргелес аумақта патрульдеу жүргізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауда ұстады және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Матч штаттық режимде өтіп, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
Полиция азаматтарды бұқаралық және спорттық іс-шаралар кезінде белгіленген тәртіп талаптарын сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.