
Демалыс күндері Жетісу облысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізді.
Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға алаяқтықтың кең таралған және жаңа түрлері туралы түсіндірілді. Әсіресе егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың банк, құқық қорғау органдары және басқа да ұйымдардың қызметкері ретінде танысып, азаматтарды алдайтын тәсілдері туралы айтып, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертті.
Орталық базарда тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген 2 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратылды.
Полиция азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сенбеуге шақырады.
Күмәнді жағдай туындаған кезде әңгімені дереу тоқтатып, ақпаратты тиісті ұйымдардың ресми байланыс арналары арқылы нақтылау қажет.