"Назар аударыңыз – балалар!": ШҚО-да полиция алдын алу шараларын күшейтті

"Назар аударыңыз – балалар!": ШҚО-да полиция алдын алу шараларын күшейтті

     ШҚО-да кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған "Назар аударыңыз – балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

     Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 183 рейдтік іс-шара өткізіп, 128 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

     Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізген рейдтер барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жасөспірімдердің қараусыз және қадағалаусыз қалуына жол бермеуге, сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін жағдайларды анықтауға басымдық берді.

     Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде ішкі істер органдарына 101 кәмелетке толмаған жеткізілді. Қараусыз және қадағалаусыз қалған 8 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

     Жалпы рейдтік іс-шаралар барысында 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың жолы кесілді.

     Профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу. Осы бағытта 11 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, есірткі заттарын қолданудың зияны түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     "Назар аударыңыз – балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы 20 тамызға дейін жалғасады. Осы кезеңде полиция қызметкерлері рейдтік және профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларға жол бермеуге ерекше назар аударады.