Астанада “Құқық қаласы” квесті өтті

Астанада “Құқық қаласы” квесті өтті

     Астанада “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру, киберқылмыстардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында елордалық полиция қала әкімдігімен және “Астана жастары” жастар ресурстық орталығымен бірлесіп “Құқық қаласы” құқықтық квестін өткізді.

     Іс-шара қала жастарын командалық квест форматында біріктірді. Қатысушылардың құқықтық білімі, мұқияттылығы және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары практикалық әрі спорттық тапсырмалар арқылы сыналды.

     Квест бес кезеңнен тұрды. Алаңдардың бірінде қатысушылар алаяқтық схемаларды ажыратуды және қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін қандай әрекет жасау керектігін үйренді. Ал жеке кезең құқықтық білімді тексеруге арналды және пікірталас форматында өтті.

     Сонымен қатар қатысушылар эстафетада бақ сынап, командалық тапсырмаларды орындады. Спорттық кезеңдерде дартстан мергендігін, шахматта стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті.

     Мұндай формат құқықтық ағартуды тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар жай ғана сұрақтарға жауап беріп қоймай, алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануды, алаяқтық белгілерін дер кезінде анықтауды, жеке деректерін қорғауды және цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренді.

     Квест қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар алғыс хаттармен марапатталды.

     Осындай іс-шаралар жастармен жүргізілетін жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Елордалық полиция халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте киберқылмыстардың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.