
Қазақстанға жол қозғалысының жас инспекторларының 21-слетіне қатысушылар келе бастады.
Қостанай облысына жол қозғалысының жас инспекторларының 21-слетіне қатысушылар келе бастады. Өңірге Беларусь Республикасынан команда жетіп, оларды Қостанай облысының өкілдері қарсы алды.
Шетелдік қонақтар үшін Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерімен танысуға арналған кездесу ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында балалар қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениеті туралы алғашқы мағлұмат алды.
Алдағы күндері слет қатысушыларын түрлі жарыстар, кездесулер және жаңа таныстықтар күтіп тұр.
Қостанай облысы ТМД елдерінен келген жас инспекторларды қабылдап, халықаралық слетке қатысушыларға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік бермек.
Жол қозғалысының жас инспекторларының 21-слетінің салтанатты ашылуы 14 тамыз күні сағат 11:00-де облыс әкімдігінің алаңында өтеді.