Рақымшылық: Жамбыл облысында пробация есебінен 14 сотталған шығарылды

Рақымшылық: Жамбыл облысында пробация есебінен 14 сотталған шығарылды

     Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қабылданған "Рақымшылық жасау туралы" Заңын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметінде тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

     Аталған Заң талаптарына сәйкес Жамбыл облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 14 сотталған азаматқа рақымшылық актісі қолданылып, олар пробациялық бақылаудан шығарылды.

     Рақымшылыққа іліккен азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп, қоғамға бейімделу, құқықтық тәртіпті сақтау, еңбекпен қамтылу және қайта қылмысқа жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар олардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, әлеуметтік бейімделуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.

     Айта кету керек, рақымшылық туралы Заңның басты мақсаты – қоғамға қауіп төндірмейтін санаттағы азаматтарға ізгілік қағидаттарын қолдану, олардың қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік беру.

     Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі алдағы уақытта да рақымшылық туралы Заңды сапалы іске асыру бағытындағы жұмыстарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жалғастырады.