
Жаз мезгілінде судағы жазатайым оқиғалардың қаупі артады. Ішкі істер министрлігі баршаңызды қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Шомылу тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Мас күйде суға түсуге, бейтаныс жерлерде сүңгуге және өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға болмайды.
Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Тіпті бала жүзе білсе де, ересектердің тұрақты бақылауы қажет. Қайғылы оқиға санаулы секунд ішінде болуы әбден мүмкін.
ІІМ демалыс кезінде қоғамдық тәртіпті сақтап, табиғатқа ұқыпты қарауға және қоқыс қалдырмауға шақырады.
Егер судағы төтенше жағдайдың немесе жазатайым оқиғаның куәсі болсаңыз, сондай-ақ біреуге көмек қажет екенін байқасаңыз, бұл туралы дереу жедел қызметтерге хабарлаңыз.
Әр азаматтың қауіпсіздігі – ең алдымен өзінің жауапкершілігі. Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаңыз.