Ақтөбеде киберқылмыстар мен есірткі құқық бұзушылықтарын тергеу мәселелері талқыланды

Ақтөбеде киберқылмыстар мен есірткі құқық бұзушылықтарын тергеу мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысы полиция департаментінде жедел бөліністердің жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды және есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды тергеу мәселелеріне арналған өңіраралық семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов төрағалық етті. Семинар жұмысына ҚАЖ департаменттерінің жедел бөліністері, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары полиция департаменттерінің жедел басқармаларының басшылары қатысты.

Қатысушылар интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қатысты қылмыстық істерді тергеудің өзекті мәселелерін, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, ақпарат алмасу және құқық қолдану тәжірибесін дамыту бағыттарын талқылады.

Семинар барысында қылмыстық істерді тергеудің тәжірибелік мысалдары қарастырылып, тиімді жұмыс тәсілдеріне талдау жасалды және цифрлық саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың бірыңғай тәсілдері айқындалды. Тәжірибе алмасу нәтижесінде өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері анықталып, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, алаяқтыққа байланысты қылмыстарды тергеу әдістерін жетілдіруге, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғау әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс қабылданды.

Сапар соңында Елдар Әбдікенов Ақтөбе облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында болып, ондағы жұмыстың ұйымдастырылуымен, қызметтік иттерді күтіп-ұстау және даярлау жағдайымен, сондай-ақ орталықтың материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты. Бөлініс басшылығына қызметтік жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.