ІІМ-де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізіледі

ІІМ-де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізіледі

 

«Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» тақырыбында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу шеңберінде 2020 жылғы 23 қараша күні сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін онлайн режимде Youtube каналында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтеді.

Аталған іс-шарада пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі талқыланады.