Абай облысында полицейлер жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілердің жолын кесті

Абай облысында полицейлер жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілердің жолын кесті

     Абай облысында жыл басынан бері белгіленбеген жерден өткен 1913 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

     Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – жол-көлік оқиғаларының алдын алудың және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жолдағы тәртіпке жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды мүлтіксіз орындауы тиіс.

     Абай облысында жүргізілген бақылау және профилактикалық іс-шаралар барысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзуына қатысты 1913 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан жүру және жол қозғалысы қағидаларының өзге де талаптарын сақтамау деректері бар.

     Сонымен қатар жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермеуіне байланысты 1219 құқық бұзушылық тіркелді. Мұндай әрекеттер жолдағы қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларының орын алу тәуекелін арттырады.

     Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіп, бағдаршамның рұқсат беру сигналына ғана сүйенуі және жолға шықпас бұрын көлік құралдарының толық тоқтағанына көз жеткізуі қажет.

     Өз кезегінде жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол беру талабын бұлжытпай орындап, жол жағдайына мұқият болып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

     Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Өзара сыйластық пен жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру ғана жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.