Қостанай облысында полиция қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды

Қостанай облысында полиция қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды

     Қостанай облысында полиция қызметкері суға бата жаздаған екі жасөспірімді құтқарып қалды.

     Қостанай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары Ерік Сәршенов өңірдегі демалыс орындарының бірінде суға батып бара жатқан екі жасөспірімді байқап қалған. Бір сәт те кідірместен көмекке ұмтылған ол досы Айдос Манатовпен бірге жасөспірімдерді жағаға шығарып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

     Ерік Сәршеновтің айтуынша, сол сәтте ойлануға уақыт болмаған. Ең бастысы – дер кезінде көмек көрсету еді. Ер азаматтардың батылдығы, жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында екі жасөспірімнің өмірі аман сақталып қалды.

     Полиция азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салады.

— Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыздар, қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыздар, — дейді полицейлер.

     Есіңізде болсын, қырағылық пен жауапкершілік – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі.