
Түркістан қаласында республикалық Ғазиз Байтасов атындағы “Жас жол инспекторлары” жасақтарының облыстық байқауы өтті.
Мұндағы мақсат — балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанудың алдын алу, жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін насихаттау және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген “Жас сақш” полиция сыныптарының оқушылары қатысып, өздерінің жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, саптық дайындығын, шығармашылық қабілеттері мен командалық ұйымшылдығын көрсетті.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Жетісай ауданынан келген оқушылар жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жас жол инспекторларының қозғалысы — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.