ІІМ Басқару академиясында ведомстволық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды

ІІМ Басқару академиясында ведомстволық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды

     ІІМ Басқару академиясында “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық денсаулық сақтауының өзекті мәселелері” тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өтті.

     Іс-шара ішкі істер органдарының, ведомстволық медициналық ұйымдардың және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіріп, полиция қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

     Жиын жұмысына Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков, денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасы төрағасының орынбасары Бақытжан Абдуллаев қатысты.

     Іс-шара барысында қатысушылар ІІМ-нің ведомстволық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, жеке құрамды медициналық сүйемелдеудің тиімділігін арттыру, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарымен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін қарастырды.

     Ведомстволық медицинаның кадрлық әлеуетін нығайтуға, заманауи медициналық технологияларды енгізуге, профилактикалық жұмысты жетілдіруге және медициналық бөлімшелердің қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге ден қою дайындығын арттыруға ерекше назар аударылды.

     Оқу-әдістемелік жиын қорытындысы бойынша қатысушылар үздік тәжірибелермен алмасып, ведомстволық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі және алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.

     Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және ішкі істер органдары қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл олардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына негіз болатыны сөзсіз.