Елордалық ПД басшылығы ТМД елдері астаналарының полиция басшылары кеңесіне қатысуда

Елордалық ПД басшылығы ТМД елдері астаналарының полиция басшылары кеңесіне қатысуда

     Астана қаласы полиция департаментінің басшылығы ТМД елдері ішкі істер органдарының астаналық бөліністері  басшыларының VI кеңесіне қатысуда.

     Бішкек қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ішкі істер органдарының астаналық бөлімшелері басшыларының VI кеңесі өтіп жатыр.

     Кеңес жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ішкі істер органдары бөліністерінің басшылары қатысуда. Іс-шараға сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмыс пен өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысып жатыр.

     Бұл кеңес дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы елдердің құқық қорғау органдары арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңы. Қатысушылар аталған елдердің астанасындағы  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау, полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.

     Сонымен қатар ішкі істер органдары астаналық бөліністерінің қызметіне, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді шешудің бірлескен тәсілдерін енгізуге ерекше көңіл бөлуде.