Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды

Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды

     Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мегаполис аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады.

     Күдікті автокөлікпен жүрген. Ұстау кезінде полицейлер көліктің жүксалғышынан 1 келіден астам синтетикалық психотроптық заттарды тауып, тәркіледі.

     Анықталғандай, ер адам заңсыз әрекетпен өткен жылдан бері айналысқан. Ол есірткі заттарын Алматы облысынан Шымкентке жеткізіп, жасырын орындарға қалдыру арқылы таратқан. Ал жасырын орындардың орналасқан жерін мессенджер арқылы жолдап отырған.

     Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда.