ШҚО-да “Уылдырық шашу” іс-шарасы қорытындыланды: 85 құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да “Уылдырық шашу” іс-шарасы қорытындыланды: 85 құқық бұзушылық анықталды

     Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында өткізілген республикалық “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өз мәресіне жетті.

     Іс-шараның негізгі мақсаты – су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау, тасымалдау және сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарға тосқауыл қою болды.

     ЖПІШ барысында ШҚО полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, балық уылдырық шашатын орындарды, су айдындарының жағалауларын және көлік бағыттарын қамтитын кешенді рейдтік шараларды жүзеге асырды.

     Мәселен, Тарбағатай ауданында Зайсан көлінің жағалауында заңсыз балық аулаумен айналысқан 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында одан моторлы қайық пен 55 келіге жуық көксерке балығы тәркіленді.

     Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

     Іс-шара өткізілген кезеңде барлығы 100-ден астам рейдтік іс-шара жүзеге асырылды. Осылайша, 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар балық ресурстарын заңсыз аулауға және олардың айналымына байланысты 3 қылмыстық іс тіркелді.

     Атқарылған жұмыс табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуге және су биологиялық ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алуға мүмкіндік берді.