Алматы облысында полиция қызметкерлері Іле Алатауындағы төрт бірдей тау шыңын бағындырды

Алматы облысында полиция қызметкерлері Іле Алатауындағы төрт бірдей тау шыңын бағындырды

     Алматы облысында полиция қызметкерлері Іле Алатауындағы төрт бірдей тау шыңын бағындырды.

     Тәртіп сақшылары Фурманов, Панорама, Башута және Шымбұлақ шыңдарына көтеріліп, жоғары физикалық дайындықтары мен төзімділіктерін көрсетті.

     Шың басында полиция туы мен "Заң мен тәртіп" жалауы орнатылып, патриоттық рух пен қызметтік парызға адалдық айқын көрініс тапты.

     Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттап, полиция қызметкерлерінің командалық рухын нығайтуға ықпал етеді.