Жетісуда полицейлер тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Жетісуда полицейлер тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

     Шомылу маусымы қарсаңында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

     Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың айтуынша, күннің ысуына байланысты өзен-көлдер мен су қоймалары маңында демалушылар саны артып келеді. Алайда қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу мен бейқамдық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

     Қызмет өкілдері азаматтарды тек арнайы рұқсат етілген және талапқа сай жабдықталған орындарда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ су жағасында демалу кезінде спирттік ішімдіктерден бас тартуға шақырды.

     Сонымен қатар экологиялық мәдениет мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тұрғындарға табиғатты аялау, демалыс орындарында қоқыс қалдырмау қажеттігі ескертілді.

- Су қателікті кешірмейді. Әр адам қауіпсіздік ең алдымен өзінің жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауы қажет. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, балаларға мұқият болыңыздар және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар,  - деп атап өтті полиция қызметкерлері мен ТЖД мамандары.

     Жетісу облысының аумағында жаз мезгілі бойы профилактикалық іс-шаралар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.